Мәдениет
2 мин оқу 154

«Джунгли» – тазалық рәмізі

<p style="text-align: justify;">Кореяның заманауи би ұлттық компаниясы (Сеул) Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығының қол&shy;дауы&shy;мен 10 тамызда &laquo;Астана Операның&raquo; Үлкен залы сахнасында &laquo;Джунгли&raquo; хореографиялық туындысын ұсынады. Көрермендер бірегей әрі терең эмоциялық корей хореография өнерін елордада жиі тамашалай бермейтіндіктен, бұл оқиға қазірдің өзінде көпшіліктің назарын аударып отыр.</p>

«Джунгли» –  тазалық рәмізі

Корея заманауи би ұлттық компа­ния­сы­ның негізі 2010 жы­лы қаланған. Труппа біртуар сурет­ші­лермен бірлесіп жасаған үздік қойылымдарымен танымал. Өнер ұжымы Кореяның қазіргі өмірі мен қоғамын бейне­лей­тін туындылар жасап, оларды мәдени кодына қарамастан дүние жүзі көрер­мендеріне түсінікті етіп, маңыз­­дылығын арттыруды мақ­сат етеді.

2023 жылы мамырда Ким Сонëн труппаның көр­кем­дік жетекшісі атанып, оның шығар­ма­шылық қуаты мен көзқарасы ұжымның қыз­ме­тіне тың серпін берді. Оның қойылымдары адам өмі­рі­нің мәніне терең енуімен ерек­ше­ле­неді, бұл оларды бірегей әрі ұмытылмастай етеді.

Біздің көрерменге кореялық труппа Ким Сонëн қойған «Джун­гли» хореографиялық туын­дысын дайындаған. Бұл спек­такль ағымдағы жылы сәуір­де Сеулдегі CJ Towol арт-орта­лы­­ғы­ның сахнасында алғаш рет орын­далды. Сондай-ақ 23-24 шілде­де Le 13ème ART театрын­да ұсы­­нылып, Париждегі көрер­мен­­дердің жүрегін жаулап үлгерді.

«Джунгли» туындысы қа­ра­пайым табиғат призма­сы арқылы адам өмірін фило­со­фиялық тұрғыда қалай зерттеуді көрсетеді. Ол қимылдардың ерекшелігіне көңіл бөліп, ақыл мен эмоцияның, сана мен түйсіктің, сұлулық пен көріксіздіктің қатар өмір сүре­тінін суреттейді.

Спектакльді жасаумен жа­рық бойынша суретші – Ли Чжонюн, костюмдер бойынша суретші Бэ Гёнсуль де айна­лысты. Төбеден сал­бырап тұра­тын шөп түйіні сахна­дағы негізгі элемент саналады. Ол осынау мәтінде табиғи орта ғана емес, түй­сік әлемінің метафорасы ретінде де қабылданатын джун­­гли­ді бейнелейді. Мұнда ең мық­­ты­­ның аман қалатыны, заманауи қоғамда түйсіктер қалай байқа­­латыны туралы ой пайда болады.

Қойылым басында әртістер шеңберді айналып жүреді. Қимылдары көзге үйреншікті және қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде олар біздің күнделікті өмірімізді және қалалық ортадағы түйсік­тік жү­ріс-тұрысымызды бей­не­лей­ді. Бишілердің қимылдарды сол мезетте ойлап тапқандай орындауы олардың өнер көрсетуіне бірегейлік пен ерекшелік үстей­ді. Спектакльдің соңында әртіс­тер бір-біріне қарап, ой толғау үшін жаңа кеңістік жасайды. Топ жеке адамдарды бақыласа, ал олар өз кезегінде топқа бір бүтін ретінде қарайды.

Сонымен астаналық көрер­мен асыға күткен «Джунгли» – би шоуы ғана емес, 17 әртіс­тің қимылы арқылы адам таби­ғаты­ның терең зерттеуі, сондай-ақ ол та­би­ғаттың бейнесі, тазалық пен табиғилықтың рәмізі іспеттес.

Бөлісу:
«Джунгли» – тазалық рәмізі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар