Ауа райы
1 мин оқу 270
Тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың мәліметіне сәйкес, елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жел күшейеді, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді.
«Елдің батысында күндіз ауа температурасы +31...+36 градусқа дейін көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі», дейді синоптиктер.
Бөлісу: