Су тасқынынан зардап шеккендерге 4790 баспана берілді
<p style="text-align: justify;">Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бүгінде барлық облыста тұрғын үй мен саяжай құрылысын тексеру және бағалау жұмысы толығымен аяқталған.
Тасқыннан зардап шеккендерге 4 790 салынған және сатып алынған үй мен пәтер берілді.
Солтүстік Қазақстан облысында − 235, Қостанай облысында – 57, Ақтөбе облысында – 26, Павлодар облысында – 5, барлығы 323 отбасы жаңа үйдің кілтін алды.
Қостанайда − 315, Ақмолада – 219, Атырауда – 1372, Ақтөбеде – 447, Солтүстік Қазақстанда – 1102, Батыс Қазақстанда – 1004, Қарағандыда – 6, Павлодарда – 2, барлығы 4 467 отбасы үшін қираған баспана орнына жаңа үй мен пәтерлер сатып алынған.
Комиссия шешімдері бойынша жалпы сомасы 48,2 млрд теңгеге 8 717 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алған.
