Тарих
2 мин оқу 180

Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш

<p style="text-align: justify;">Қазақ даласында сан ға&shy;сырдан бері мұрты бұзыл&shy;май сақталған ескерт&shy;кіштер көп болмаса да аз-мұз кездеседі. Сондай көне құрылыстың бірі &ndash; Қостанай облысы Арқалық қаласына қа&shy;расты Екідің ауылындағы ғұрып&shy;тық ескерткіш.</p>

Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш

Ғалымдардың айтуынша, бұл VIII-IХ ғасырдан бері сақталған сәулет өнері саналады. Ежелгі екі ғұрыптық құрылыс табиғи тастан киіз үй тәрізді салын­ған. 1959 жылы ескерткішке атақ­ты археолог Әлкей Марғұлан жетек­шілік еткен ғылыми экспедиция зерттеу жүргізген. Ғұлама ғалымның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй салу өнерінің дамуын бейнелейді. Ескерткіш – екеу. Біріншісі – Екідің ауылынан шығар жол жиегінде, яғни өзеннің сол жа­ғында орналасса, екіншісі – өзеннің оң жағындағы төбенің басына тұрғызылған.

Тастан үйілген екі биік дің жау әскерін қарауылдау үшін салынған деседі. Ескерткіш күмбез түрінде тас­тан қаланып, сыртқы диаметрі бірте-бірте та­рылып, жарты сфера түрін құ­рай­ды. Діңнің жоғары жағында шебер жасалған тесік бар. Кіре­берісі шығысқа қараған. Дің­нің төбесіне шықсаң төңірек ала­қан­дағыдай көрінеді. Қауіп төнген сәтте қара­уылдағы сарбаздар ішіне от жағып, түтінін белгі ретінде қолданған.

Осы өңірде өмір сүрген кәрі құлақ қариялардың айтуынша, XVII-XVIII ғасырда Екідің тұрған төбелер арасындағы жа­зық алаңда қырғын соғыс бол­ған. Бір-бірімен жаулас­қан ру басыларының ордасы осы жерде орналасқан. Алайда орта ғасыр кезеңіндегі осындай құрылыстар әлі күнге дейін жете зерттелмеген. Сарыар­қада осы секілді бірнеше нысан бар. Өйткені мамандар осын­­дай ғұрыптық ескерткішті зерт­теуде оның мерзімін дәл анық­­тауға көмектесе­тін жәді­гер­лер болмағанын айтады. Деген­мен ғалымдар академик Әлкей Марғұланның «бұл ескерт­кіш­тер ­ислам дәуіріне дейінгі ке­зеңге жатады» деген пікірімен келіседі.

Бөлісу:
Екідің ауылындағы ғұрыптық ескерткіш · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар