Олимпиада
1 мин оқу 320

Тағы бір боксшымыз үшін Олимпиада аяқталды

<p style="text-align: justify;">31 шілде кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан боксшы Валентина Хальзова Париж Олимпиадасының бірінші айналымында жеңілді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тағы бір боксшымыз үшін Олимпиада аяқталды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 75 келіде жұдырықтасатын отандасымыз панамалық Атейна Билоннан айласын асыра алмады.  

Бірінші раундта 3:2 есебімен алда тұрған Валентина Хальзова кейінші кезеңдерде 4 : 1 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, В.Хальзова әлем чемпионатының жеңімпазы, екі дүркін қола жүлдегер атанған. Ал панамалық тәжірибелі боксшы - 2014 жылғы әлем чемпионы, күміс жүлдегер, Панамерика ойындарының күміс жүлдегері.

Бөлісу: