Көшпелілер ойындарында құс ұстап, атқа мінгім келеді - Мадс Миккельсен

<p style="text-align: justify;">Атақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды. &laquo;Ганнибал&raquo; және &laquo;Доктор Стрэндж&raquo; жұлдызы Қазақстанның астанасына тәнті болып, алдағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Көшпелілер ойындарында құс ұстап, атқа мінгім келеді - Мадс Миккельсен

Мадс Миккельсен Астананы жақсы білмесе де, оған қала қатты ұнағанын айтты.

«Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, бұл керемет. Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің вело командаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді. Мен көшпелілер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлшегі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді», деді актер.

Мадс Миккельсен – Голливуд актері, ол «Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы бүкіл әлемге танымал.

Бөлісу:
Көшпелілер ойындарында құс ұстап, атқа мінгім келеді - Мадс Миккельсен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар