Оқиға
1 мин оқу 110

Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты &laquo;Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы&raquo; ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды

Айта кетейік, К.Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайдылық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. 

«Төрегелдиев РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Сондай-ақ Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірді», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот Төрегелдиевті үш жылға бас бостандығынан айыруға, ал Озықбаевты 7,5 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар