Оқиға
1 мин оқу 140

Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">31 шілдеде Оралдағы жеке үйлердің бірінде зорлықпен өлім белгілері бар 1957 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды

Полицияның мәліметінше, қылмыс болған жерді мұқият тексеру кезінде сот-медициналық сараптаманың маманы айғақтарды тауып, тәркілеген. Олар сот-медициналық сараптама материалдарын қолдану арқылы тексергенде дерекқорда бар адамның деректерімен сәйкел келетін адамды анықтаған.

«Ол марқұмның қасында тұратын Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар