Қоғам
1 мин оқу 160

Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәлімет жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды

Қазақстан халқының саны - 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.

Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артқан. Табиғи өсім есебінен 118 579 адамға көбейсек, көші-қон есебінен 7 289 адам қосылған.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында тіркелген. Сәйкесінше, статистика 2,93% бен 1,38% пайызды көрсеткен. Ал үшінші орындағы Алматы қаласында өсу қарқыны - 1,33%.

Бөлісу:
Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар