Табиғат
1 мин оқу 320

Қырғи

<p style="text-align: justify;">Қырғи &ndash; жараты&shy;лысы қар&shy;шыға тұ&shy;қым&shy;дасқа жа&shy;та&shy;тын әдемі құс. Бірақ ол қар&shy;&shy;шы&shy;ғадан кі&shy;шірек, жа&shy;ғал&shy;&shy;тай мен тұ&shy;&shy;&shy;рым&shy;&shy;&shy;&shy;тай&shy;дан үлкенірек болады. Еліміз&shy;дің таулы өлкелері Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерін мекендейді.</p>

Қырғи

Қырғидың денесі үлкен, өзі жүн­дес, ақ-көк түстес ке­леді. Бауыры ақ шұбар. Жіліншігі ұзын, қанаты құ­ладынның қанаты сияқты. 

Жуықта «АСБК» баспасынан жарық көрген «Қазақстан құстары» атты ғылыми анық­тамалықта «бұл құстың дене­сінің жалпы ұзындығы – 28-41 см, қанат құлашы – 64-80 см, салмағы – 100-340 грамм», деп жазылыпты.

Қырғидың Қара тарлан деген түрі болады. Оның де­несі орташа, бітімі әдемі. Сырт­қы жүндері қоңыр-көк, бауырының шұбары қара тарлан келеді. Көзі қызыл шегір. Қырғидың қыраны – осы Қара тарлан.

Қырғидың енді бір түрі қызыл шұбар деп аталады. Бұл – ең кішкенесі. Сыртқы жүндерінде ақ танадай тең­білі бар. Бауыр жүні көк шұбар. Сан жүндері қызыл шұбар бо­лады. Қырғидың осы қызы­лынан қыран шығады. Дене тұр­ғысынан: ірі, орташа, кішкене деп үшке бөлінеді.

Отандық орнитолог­тер­дің мәліметіне жүгінсек, қырғи наурыз және мамыр ай­ларында ұя басады. Жұ­мыртқасын 35 күндей шай­қайды. Балапан шыққан соң оны қоректендіру 50 күнге со­зы­лады. Күздің соң­ғы ай­ларын­да жылы жаққа ұшып ке­теді.

Бөлісу: