Саясат
1 мин оқу 80

Мәслихат депутаттарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Құрманғазы ауда&shy;нында болып, кәсіпкерлермен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Депутат ауданға сапар барысында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен де танысты.</p>

Мәслихат депутаттарымен  кездесті

Аймаққа сапары барысында ол мәс­­лихат депутаттарымен кездесіп, жоғары заң шығарушы органның жұ­мысымен таныстырды, палата қыз­метінің қоры­тындылары туралы айтып берді. Сонымен бірге өткен сессия ба­рысында қабылданған заңдардағы негізгі жаңалықтар туралы жан-жақты құлағдар етілді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында жергі­лікті тұрғындарды толғандыратын мәселелер де талқыланды. Мәслихат депутат­тары денсаулық сақтау және жол саласындағы заңнаманы жетілдіру, өңірді ауызсумен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын білдірді.

Бұдан кейін сенатор өңірдегі шағын ауылдарда болып, ондағы тұр­­­ғын­дар­мен кездесті, елді ме­кен­дердің проблемала­рымен таныс­ты. Депутат Атырау облысын­дағы ауыл­дардың өзекті мәселе­лері үнемі на­за­рында екенін, оларды шешу жө­ніндегі жұмысты жалғастыра бере­тінін атап өтті.

Бөлісу: