Елорда
1 мин оқу 150

«Шаңырақ»: Елордада жаңа мұрал пайда болды

<p style="text-align: justify;">Сарыарқа ауданындағы Қарталы көшесі 5/1 мекенжайында &laquo;Шаңырақ&raquo; атты жаңа мұрал пайда болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Шаңырақ»: Елордада жаңа мұрал пайда болды

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қабырғадағы суретте бейнеленген қазақ отбасы дәстүр, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын бейнейлейді.

Айта кетейік, мұралдың ең негізгі элементі шаңырақ – киіз үйдің жоғарғы бөлігі, ата-баба ошағы мен баспанасын бейнелейді. Сонымен қатар шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.

Бөлісу:
«Шаңырақ»: Елордада жаңа мұрал пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар