Тарих
2 мин оқу 190

Нұртас пен Шығанақ

<p style="text-align: justify;">Әр суреттің тарихына үңілсек, мол қазынаға кенелеміз. Бұл суреттегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов пен тары шығымын арттыруда әлемдік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің бейнесі көзімізге жылы ұшырайды.</p>

Нұртас пен Шығанақ

Бұл фотоның авторы кім, қай жылы тү­сі­рілді, нақты білмей­міз. Алайда Нұртас Оңдасы­нов қызмет бабымен Ақтөбеге облысындағы Шы­ғанақтың аулына барып, екеуінің та­ры өсіп жатқан алқапта кез­дес­кенін анық байқаймыз. Екі аза­маттың бір-біріне жылы ілтипат білдіріп, күлімсіреп тұрған сәтін фототілші қалт жі­бермеген. Бірақ ол бұл су­реттің жылдар өткеннен кейін құнды жәдігерге айналатынын сол кезде сезбеген болар.

Биыл 120 жылдығын атап өтіп отырған  Нұртас Оң­дасыновтың өмірі, қызметі, қайраткерлігі көзіқарақты қауымға жақсы таныс. Ал кейінгі жас буын Шығанақ Берсиевтің есімін біле бермейді. Ақтөбе облысы­ның Ойыл ауданында өмірге келген майталман тары өсіру­ші басқарған звено ұзақ жылдар бойы шөлейтті аймақ­тың ауа райына қарамастан тарыдан мол өнім алған. Дәлі­рек айтқанда, 1939 жылы тары­ның әр гектарынан 25,5 ц өнім алса, 1940 жылы – 155,8 ц, 1941 жылы – 165 ц, 1942 жылы – 175 ц, 1943 жылы 201 ц өнім жинаған. Мұндай жоғары нәтижеге  ол жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана емес, тары тұқымын күтіп-баптап, егісті дер кезінде жүргізіп, өнімді ысырапсыз жинау арқылы қол жеткізген. Сондай-ақ Шыға­­нақ Берсиев Екінші дүниежүзі­лік соғыс кезінде әскери ұшақ жасау үшін мемлекет қоры­на қомақты қаржы ауда­рып, өз ­табысынан тары өткіз­ген. Оның өмірі мен еңбегін көр­некті жазушы Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» романына арқау етсе, неміс драматургі Бертольд Брехт «Тары өсіруші» атты дастан жаз­ған. Бір сөзбен айтқанда, қандай биікке көтерілсе де, қазақы мінезінен, қарапа­йым­дылығынан айнымаған қос тұлғаның бейнесі сақталған суреттің уақыт өткен сайын құны арта түсері анық.

Бөлісу:
Нұртас пен Шығанақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар