Балқашта көпқабатты тұрғын үй өртенді
<p style="text-align: justify;">Балқашта «Қоңырат» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, салдарынан отыз адам баспанасыз қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Анықталғандай, тұрғын үйдің сегіз пәтері отқа оранып, 700 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккен тұрғындар жоқ, бірақ 30 отбасы баспанасынан айырылған. Қазір олар уақытша №3 мектеп интернатқа орналастырылған.
Сонымен қатар әр отбасыға әкімдіктен бір мемлекеттік мекеменің басшысы бекітілген. Сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлеріне, зейнеткерлерді шипажайға жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Өрт салдарынан 8 пәтерлі тұрғын үйдің бүкіл алаңында ағаш шатыр мен шатыр жабыны құлады. Өрттің алдын ала себебі − электр сымдарының қысқа тұйықталуы», деп хабарлады құтқарушылар.