Спорт
1 мин оқу 280
Назым Қызайбайдың жекпе-жегін қайдан көруге болады
<p style="text-align: justify;">Бүгін, тамыздың 6-нан 7-не қараған түні Парижде өтіп жатқан Олимпиадада 50 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақ боксшысы Назым Қызайбайдың жартылай финалдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Тартысты жекпе-жекте спортшымыз Қытай өкілі Ву Юмен кездеседі. Жекпе-жекті Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
«Келесі қарсыласым мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын», деген еді Назым Қызайбай.
Жекпе-жек 01:02-де басталады.
Айта кетейік, бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.
Бөлісу: