Оқиға
1 мин оқу 146
Таиландта 57 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Пхукетке демалуға барған 57 жастағы Қазақстан азаматы демалыстың бірінші күнінде суға батып, мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.
Сағат 14:50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам отандасымыз екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.
Бөлісу: