Олимпиада
1 мин оқу 960
Демеу Жадыраев қырғыздың беделді балуанын жарыс жолынан шығарды
<p style="text-align: justify;">Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан басым түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Тартысты өткен балуандар айқасында Демеу Жадыраев қырғыздың атақты балуанын жарыс жолынан шығарды. Белдесу нәтижесінде отандасымыздың пайдасына 3:1 есебі тіркелді.
Финал жолдамасын Демеу Әзербайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.
Демеу Жадыраев қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.
Бөлісу: