Әлем
1 мин оқу 110

Бангладеште қонақ үй өртеніп, 24 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Бангладештің Джессор қаласында жаппай наразылыққа шыққан тұрғындар бес жұлдызды Zabeer International қонақ үйін өртеп жіберді. Салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бангладеште қонақ үй өртеніп, 24 адам қаза тапты

Daily Sun ақпарат порталының хабарлауынша, тағы 50-ден астам тұрғын жарақат алған.

Қайғылы оқиға жақында елден қашып кеткен премьер-министр Шейх Хасинаның отставкасын тойлау кезінде болды. Қонақ үйді кімнің өртегені әзірге белгісіз.

Қонақ үй «Авами Лиг» басқарушы партиясының мүшесі Шахин Чакладарға тиесілі. Наразылық білдірушілер саясаткердің үйі мен кеңсесін де өртеп жіберген.

Бөлісу:
Бангладеште қонақ үй өртеніп, 24 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар