Аймақтар
1 мин оқу 101

ШҚО-да құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алды

<p style="text-align: justify;">Алтай қаласындағы тұрғын үйдің 3-қабатының сынған терезесінде отырған баланы байқаған куәгерлер құтқарушыларды шақырған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алды

Оқиға орнына келген қызметкерлер үш иінді сатыны орнатып, терезеде жалғыз отырған бес жасар қызға жетті. Пәтерде ешкім болмаған әрі кіру есігі құлыптаулы болған.

Құтқарушылар баланы биіктіктен абайлап түсіріп, мән-жайды анықтау үшін учаскелік полиция бөліміне тапсырды.

Бөлісу:
ШҚО-да құтқарушылар жазатайым оқиғаның алдын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар