Спорт
1 мин оқу 260
Демеу Жадыраев финалға жолдама алды
<p style="text-align: justify;">77 келі салмақта сынға түскен Демеу Жадыраев әзербайжандық Санан Сулеймановтан басым түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған балуан Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері әзербайжандық Санан Сүлеймановты 6:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Демеу алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жыққан. Келесі кезеңде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңген болатын.
Бөлісу: