Спорт
1 мин оқу 130

Олимпиаданың финалына өткен қара маржанымыз қапы қалды

<p>Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақтың &laquo;қара маржаны&raquo; атанып кеткен жеңіл атлет Нора Джеруто халықтың үмітін ақтай алмады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олимпиаданың финалына өткен қара маржанымыз қапы қалды

Ол бүгін Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әйелдер арасындағы финалда сәтсіз өнер көрсетіп, аталған қашықтықты 9-орынмен аяқтады.

Осылайша Нора Джеруто Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Бөлісу:
Олимпиаданың финалына өткен қара маржанымыз қапы қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар