Қоғам
1 мин оқу 162

Үлкен экранда – өзбек киносы

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мир&shy;зиёев&shy;&shy;тің елімізге мемлекеттік сапары аясында елорда тө&shy;рін&shy;дегі Chaplin кинотеатрында өзбек кино&shy;сы&shy;ның күн&shy;дері бас&shy;талды. Елорда тұрғындары мен қонақ&shy;та&shy;&shy;ры&shy;на өзбек кинематографтарының екі фильмі тегін ұсы&shy;&shy;ныл&shy;ды.</p>

Үлкен экранда – өзбек киносы

Алғашқы күні режиссер М.Эркиновтің былтыр­ түсірілген «Абдулла Ори­пов: Тәуелсіздік әншісі» кино­­сы үлкен экранға шықты. Кино­картинада Өзбекстан мем­ле­кеттік әнұраны мәті­ні­нің авторы, көрнекті ақыны Аб­ду­лла Ориповтің өмірі мен шы­­ғармашылығы туралы баян­далады. Көрер­мен ақынның балалық және жастық шағына саяхаттап, оның өзбек әдебиеті мен мә­дениетіне қосқан елеулі үле­сінен хабардар бола алады.

Ал екінші күні отбасылық құндылық тақырыбындағы «Яша, хотин!» комедиясы ұсынылады. Сюжет желісі зейнетке шыққан жалғызбасты ұмытшақ кейіпкердің айна­ла­сында өрбиді. Фильм ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өза­ра сүйіс­пеншілік пен қам­қор­­лық­тың, ыстық ықы­лас­тың маңызын баян­дайды. Яғни қазіргі жұмыс­бас­ты қо­­ғам­дағы көптеген ша­ңы­рақ­­қа жетіспейтін уақыт­тың қа­ді­рін ұғындырады. Тәр­б­иелік мән­ге ие кинокартина отбасы инс­ти­тутының бағ­да­рын көздеп, жеңіл әзілмен жет­кізеді.

Кез келген ұлттың киносы өз халқының әдет-ғұр­пы­нан, салт-дәстүрінен, та­би­ғат-болмысынан тамыр тар­татыны сөзсіз. Қазақ кө­рер­меніне ұсынылған өзбек фильм­дерінде де туған то­пы­рақпен нәзік бір байла­ныс сезіледі. Ғибратқа толы дәс­түріне, мың қырлы мәде­ние­тіне кезекті рет куә болып қайттық.

Бөлісу:
Үлкен экранда – өзбек киносы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар