Астанада FlyArystan ұшағынан ақау шықты. Ұшу кестесі өзгере ме?
<p style="text-align: justify;">5 тамыз күні Астана әуежайында FlyArystan ұшақтарының бірі мәжбүрлі тұраққа қойылған. Себебі әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбағаннан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Air Astanа осы келеңсіздік салдарынан рейстердің ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті.
«Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, бастысы − оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіреді», делінген хабарламада.
Әуекомпаниясы халықаралық рейстердің уақытылы ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.