Спорт
1 мин оқу 192

Демеу Жадыраев алтын үшін таласта қандай қателік жіберді? Бас бапкердің жауабы

<p>Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың Париж Олимпиадасының финалындағы күресі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Демеу Жадыраев алтын үшін таласта қандай қателік жіберді? Бас бапкердің жауабы

Демеу Жадыраев Олимпиада финалында жапон балуаны Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен жеңілді.

- Жақсы күресті, бірақ ептілік жетіспеді. Бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып алды. Жапон балуаны осы сәтті пайдасына асырды. Өте өкінішті. Барынша талпынды. Алайда Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Бізді қолдаған жандардың бәріне алғыс айтамын", - деді Юрий Мельниченко журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар.

Бөлісу:
Демеу Жадыраев алтын үшін таласта қандай қателік жіберді? Бас бапкердің жауабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар