Оқиға
1 мин оқу 110
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшты
<p style="text-align: justify;">Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала аспанында әскери ұшақтардың ұшуын тамашалады. Олардың неге пайда болғанын Мемлекеттік күзет қызметі түсіндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтар бейнеленген видеоларын бөлісіп жатыр. МКҚ баспасөз қызметі мәліметінше, бұл Су-30СМ истребительдері.
Анықталғандай, ұшақтар қоғамдық және саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі», деп хабарлады МКҚ-нің баспасөз қызметі.
Бөлісу: