Өнер
1 мин оқу 92

Мәдениет пен өнердің достық кеші

<p style="text-align: justify;">Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекет басшылары &laquo;Достық кеші&raquo; гала-концертін тамашалады.</p>

Мәдениет пен өнердің достық кеші

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консуль­тативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәр­тебелі меймандардың құрме­тіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.

Мемлекеттер басшылары «Астана опера» вестибюлінде «Шығармашылық жаңғырығы» көрмесімен танысты. Көрмеге танымал қазақстандық сурет­шілердің туындылары және Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.

Концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қы­рғыз, тәжік, әзербайжан халық­та­ры­ның әндері мен биле­рі орындалды. Сондай-ақ көрер­­мендердің назарына ұлт­тық музыкалық аспаптар ансам­блінің сүйемелдеуімен «Достық дивертисменті» ұсы­нылды.

Бөлісу:
Мәдениет пен өнердің достық кеші · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар