Аймақтар
1 мин оқу 70

Өңірдегі кездесу

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Наурызбай Бай&shy;қа&shy;дамов пен Руслан Рүстемов Қы&shy;зыл&shy;орда облысының тұр&shy;ғындарымен кездесті.</p>

Өңірдегі кездесу

Сенаторлар алдымен Жаңа­қорған ауданында болып, аудан  әкімімен, мәслихат депутат­та­рымен және жергілікті тұрғын­­дармен кездесті. Онда Сенат­тың заң шығару қызметі туралы айтылды, медиация мен инфра­құрылым мәселелері талқыланды.

Сенат депутаттары Шиелі ауданындағы Бестам аулында дәрігерлік амбулатория құ­ры­лысының барысымен танысты және Парламентте қаралатын заңдарды талқылауға орай, құ­қық қор­ғау органдарының қыз­мет­керлерімен кездесті.

Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қаржы мо­нито­рингі агенттігінің Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен де кездесті. Кездесу барысын­да Президенттің Ұлттық құрыл­тайда айтқан бастамалары мен Пар­ламентте қабылданған заңдардың ерекшеліктері талқыланды.

Депутаттардың жұмыс сапары Тасбөгет кентінде одан әрі жалғасты.  Олар абаттандыру барысымен танысты және суаруға арналған су мәселесін көтерген жергілікті тұрғындармен кездес­ті. Сапар барысында сондай-ақ №4 емханада болып, медицина­лық қызметкер­лермен мекеменің жұмысын жақсарту мәселесін талқылады.

Бөлісу:
Өңірдегі кездесу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар