Жәдігер
1 мин оқу 160

Қаныштың домбырасы

<p style="text-align: justify;">Қазақтан шыққан ғұлама, Қа&shy;зақ КСР Ғы&shy;лым ака&shy;де&shy;мия&shy;&shy;сы&shy;ның не&shy;гі&shy;зін қалау&shy;шы һәм тұң&shy;ғыш пре&shy;зи&shy;ден&shy;&shy;ті, минера&shy;ло&shy;гия ғылым&shy;дары&shy;&shy;ның док&shy;торы, КСРО Мем&shy;ле&shy;кет&shy;тік сыйлығы&shy;ның лау&shy;реаты Қаныш Сәт&shy;баев&shy;тың домбырасы Алматы қаласындағы Мем&shy;ле&shy;кеттік орталық музей қо&shy;рында &laquo;КП 16730/1&raquo; рет&shy;тік нө&shy;мірмен сақтаулы тұр.</p>

Қаныштың  домбырасы

Аспаптың пошымы – төрт қыр­ланған сопақша шаршы іспетті. Мойынтұрағының ұзындығы 58 см, шанағының ұзындығы 28 см, көлденеңі 17 см. Тұтас ағаштан ойы­­лып жасалған. Шанағы ұзынша төртбұрыш. Мойны шалқақ. Үш буынды. Бет қақпа­ғы жұқа тақтайшадан жа­салған. Он төрт пер­нелі, ішегі қара­па­йым жіп.

Қолымызда бар ақпа­ратқа жүгінсек, бұл домбыраны Қаныш Имантайұлы 1920 жылдардың басында Том политехника институтында оқып жүрген жылдары жаны­нан тастамай алып жүрген дейді.

Жуықта жезқазғандық Өтеген Ахмет атты шебер дәл осы музейде тұрған домбыраның дәлме-дәл көшірмесін екі дана жасап, бірін ғалымының туған жері Баянауыл­дағы, екіншісін өсіп-өнген өл­кесі Жезқазған қалалық музейіне тапсыр­ған екен.

«Домбыраның тарихы тура­лы нақты дерек жоқ. Қаныш Иман­тайұлы оны арнайы тапсырыс­­пен жасатуы да мүмкін. Себебі мұн­дай пішінді домбыра ел ішінде көп кездесе бермейді екен. Оның көшірмесін жасаудағы мақсатым –ұлттық аспаптың сирек кездесе­тін түрін насихаттау» дейді қолөнер шебері.

Бөлісу:
Қаныштың домбырасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар