Төтенше жағдай
1 мин оқу 101
Алакөл жағалауында үлкен демалыс аймағы отқа оранды
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында ірі демалыс аймағы өртеніп кетті, құтқарушылар 400 шаршы метр аумақта өртті толығымен сөндіре алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиғаның егжей-тегжейін ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйі өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 400 шаршы метр аумақта толығымен жойылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу: