Әлішер Ерғали алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты
<p>Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын Әлішер Ерғали қорғады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </p>

97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада ойындары.
Естеріңізге сала кетейік, кеше еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.
Ал одан 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукске 3:4 есебімен есе жіберсе, 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуаны Бекзат Алмазуулынан 1:4 есебімен ұтылды.