Қоғам
1 мин оқу 134
Тұрғын үй сату-сатып алу нарығында рекорд орнатылды
<p>2024 жылдың шілдесі 2022 жылғы сәуірінен бері тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген ай болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 099 құрады.
Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар:
Алматы – 7 091 (17,7%);
Астана – 6 843 (17,1%);
Қарағанды облысы – 3 208 (8%).
Мәмілелер саны:
пәтерлер бойынша – 30 973;
жеке үйлер бойынша – 9 126.
Бұл ретте тұрғын үй нарығындағы шілдедегі баға өсімі келесідей:
Жаңа тұрғын үй – 2,4% (бір жылда), 0,1% (бір айда);
Қолданыстағы тұрғын үй – 3,2% (бір жылда), 0,4% (бір айда);
Жалға алу – 5,2% (бір жылда), 1,8% (бір айда).
Бөлісу: