Әлем
1 мин оқу 150
Париж Олимпиадасын 15 миллионға жуық турист тамашалады
<p style="text-align: justify;">Олимпиаданы тамашалау үшін Парижге 15 миллионға жуық турист барған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары кезінде 10 млн-ға жуық билет сатылды. Бұл − рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен жазғы ойындарда 8 млн билет сатылған еді. Осылайша, биыл 28 жыл сақталған рекорд жаңарды. Сондай-ақ 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсетті.
26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасқан төртжылдықтың басты додасында Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.
Бөлісу: