Оқиға
1 мин оқу 154
Екібастұзда жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті
<p style="text-align: justify;">Екібастұзда автобус жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Автобустың ішінде 24 жолаушы болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған. ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен.
Анықталғандай, автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Бөлісу: