Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды
<p>Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> 24.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады.
Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ.
Сондай-ақ, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.
- Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК;
- Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК;
- Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК.