Қоғам
1 мин оқу 210

Петропавл қаласының атауы өзгере ме?

<p style="text-align: justify;">Петропавлдың атауын Қызылжар деп өзгерту жоспарда жоқ. Мәселе қаралуы мүмкін, бірақ әзірге биліктің басқа да түйткілді мәселелері бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Петропавл қаласының атауы өзгере ме?

Бұл туралы Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.

«Бізде абаттандыру, жылу және әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты басқа да көптеген мәселелер бар. Бүгінде бұл мәселе облыста көтерілмей жатыр деп айтпаймын. Қала атауын өзгертуді жақтайтындар да, атауды өзгертудің заманы емес дейтіндер де бар. Бұл саяси мәселе емес», деді әкім.

Сондай-ақ ол құзырлы органдар бұл мәселені қарастыратынын қосты.

Бөлісу:
Петропавл қаласының атауы өзгере ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар