Аймақтар
1 мин оқу 102

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының полицейлері&nbsp;Балқаш өңірін әуе барлау кезінде үш тоннаға жуық голланд қарасорасын тапты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты

Күдіктілердің қарасораны арнайы өсіргені суару жүйесі арқылы нақтыланған.

Сонымен қатар арал аумағында орналасқан шатырда патрондарымен тегіс ұңғылы қару, қажетті екі қап тыңайтқыш, сондай-ақ қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптер табылған.
«Есірткі плантациясы Балқаш көлі аралдарының бірінде анықталды. Жүргізілген сараптама тәркіленген 6 122 өсімдік бұтасы жалпы салмағы 2 тонна 740 келі голландиялық каннабис екенін растады. Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіліп жатыр», деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Осылайша полицейлер құны 300 млн теңгені құрайтын қарасораның қара нарыққа түсуінің алдын алды.

Бөлісу:
Алматы облысында полиция үш тоннаға жуық қарасора тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар