Президент
1 мин оқу 153

Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған &laquo;Кәусар&raquo; оқушылар сарайының қызметімен танысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді

Мемлекет басшысына мұндағы 13 үйірме мен секцияға 1600 бала қатысатыны туралы мәлімет берілді. Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған.

щд

д
д

Жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр болатын ғимарат сапалы қосымша білім алуға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

д
Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

ж

Бөлісу:
Президент «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар