Қоғам
1 мин оқу 174

«16 тамызда жер сілкінісі болады». Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде бүкіл планетаны қамтитын күшті жер сілкіністері туралы хабарламалар тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл қауесеттерге түсініктеме беріп, азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

«16 тамызда жер сілкінісі болады». Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

«Сейсмология институтының баспасөз қызметі халықаралық сейсмологиялық орталықтардың мәліметі бойынша 16 тамызда Қазақстан аумағында магнитудасы 5,5-тен асатын күшті жер сілкінісінің болжамы жоқ деп мәлімдеді. Барлық тіркелген сейсмикалық оқиғалар жедел түрде «112 KZ» Telegram-арнасы және seismology.kz сайты сияқты ресми ресурстарда жарияланады», делінген хабарламада.

Қазақстандық сейсмологтар ел азаматтарын үрейленбеуге және сенімді ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді тексеруге шақырды.

Сондай-ақ бұл қауесет ақпарат ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мұрағатынан табылғаны анықталды. 

Бөлісу:
«16 тамызда жер сілкінісі болады». Желіде жалған ақпарат тарап жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар