Бас бапкер Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды
<p style="text-align: justify;">Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өтіп, бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.
«Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.
Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.