Кино
2 мин оқу 190

«Жабайы алма» туралы сериал

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясы Сайын Мұратбековтің &laquo;Жабайы алма&raquo; повесінің желісімен алты бөлімді сериал дайындап жатыр. Екіжылдық жобаның биыл сценарийі жазылып, жаздық сюжеттері түсіріледі. Түсірілімнің басым жұмыстары қыста болады. Телехикая келесі жылдың мамыр айында эфирге жоспарланып отыр.</p>

«Жабайы алма» туралы сериал

Сайынның «Жабайы алмасы» көп оқырманға таныс. Шығармада сұрапыл соғыс жылдарындағы тылдағы ауыр тірші­лік қаз-қалпында суреттеледі. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдыр­дың талқысына түссе де, адамдық бей­нені, адамгершілік қасиетті жоғалт­пауға, өмірге деген үміттен түңіл­меу­ге, тағдыр тауқыметіне мойымау­ға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін сақтауға тырысады.

Жаңа жобаның продюсері – Назгүл Қарабалина, қоюшы-режиссері – Айдын Сахаман, сценарий авторы – Қанат Рамазан. Актерлік құрамға келсек, Қа­нат­ты – Заңғар Миятұлы, Назираны – Жәнел Атамбекова, Бағиланы – Назгүл Қарабалина, Зибаш – Мадина Келгенбай, Нұрсұлуды – Мадина Құлсейітова, Бүбінайды – Зәуре Көпжасарова, Бай­далыны Омар Қиқым ойнайды.

«Үлкен шығарманы алты серияға сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан кей сюжеттерді сценарийде қамти алмадық. Яғни 70-80 пайызы кітаптан алынса, 20-30 пайызы – сценарий авторының еңбегі. Соғыс кезінде болғандықтан оқи­ға уақытын ауыстыруға тура келді. Шы­ғармада көп сюжет жазда болса, се­риалда қыста суреттеледі. Актерлік құ­рам театрлардан жинақталды. Бәрі – ел­ге белгілі, танылған өнер адамдары. Сол кездегі қазақ даласын түсіру, шы­найылықтан алыстамау оңай емес. Ал­маты маңындағы Ақөзек деген ауыл таң­дап алынды. Суретшілер сол заманға сай етіп, декорацияларын жасады, рекви­зиттер іздеп, костюм­дерді лайықтап тігу біраз уақыт пен күш-қуатты қа­жет етеді. Қазір жаз­ғы түсірілім жұмыс­тарын аяқтадық. Ең негізгі қыста болатын түсірілімге дайында­лып жатырмыз», дейді режиссер Айдын Сахаман.

Бөлісу:
«Жабайы алма» туралы сериал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар