Заң
1 мин оқу 80

Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды

Есепшілер ауруханада жұмыс істемеген адамдарға жалақы және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталды. 

Сот үкімімен бас бухгалтер К. Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, оның қарамағындағы қызметкер А. Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: