Қазақстан
1 мин оқу 110

Елімізде бір айда 300-ден астам эко-акция өтеді

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйек аралығында республикалық эко-акция өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде бір айда 300-ден астам эко-акция өтеді

Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық эко-бақылау төрт тақырып аясында өткізілетінін хабарлап, уақыт кестесін жария етті: 

  1. Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
  2. Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
  3. Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);
  4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға ел аумағында 1,5 мың адам қатысып, 300-ден аса мониторингтік шара өтеді деп жоспарланып отыр. 

Ауқымды акция Астана қаласында («Бозоқ» мұражай-қорығы), Алматы облысында («Көлсай көлдері» ұлттық паркі), Түркістан облысында («Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығы) қоғамдық мониторинг жүргізу шеңберінде бастау алды. 

Бөлісу: