Суицид
1 мин оқу 180
Оралда түзету мекемесінде жазасын өтеуші өзіне қол жұмсады
<p>Оралдағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 тамыз күні болды.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зашаған полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
Бөлісу: