Форум
1 мин оқу 104

Ортақ стратегияға бастайтын басқосу

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Душанбеде Қазақстан мен Тәжік&shy;стан жастарының фо&shy;ру&shy;&shy;мы өтіп жатыр. Та&shy;рап&shy;тар жастар саяса&shy;тының негізгі мәселе&shy;лерін тал&shy;қылады.</p>

Ортақ стратегияға бастайтын басқосу

Қатысушылар қатарында жастар қозғалысының көш­басшылары, мемлекеттік құ­ры­лымдардың өкілдері, екі мем­лекеттің кәсіпкерлері бар. Қазақстан делегациясын Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қай­рат Қамбаров бастап барды.

«Қазақстан мен Тәжікстанды ғасырлар бойғы тарих, мәде­ни және экономикалық қаты­нас­тар байланыстырады. Деген­мен еліміздің болашағы көп жағдайда жастарды қалай қол­дап, дамытуымызға бай­ла­­ныс­ты болатыны белгілі. Өңі­рі­міздегі өзгерістердің, жаңа­шыл­дықтың, ілгерілеудің қозғаушы күші – дәл осы өскелең ұрпақ», деп атап өтті Қ.Қамбаров.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі елдің жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және жастардың өзек­ті мәселелерін шешу үшін бір­лескен стратегияларды әзір­леу. Атап айтқанда, форумда волонтерлік қозғалысын, жас­тар кәсіпкерлігін дамыту және стартаптарды қолдау тетігі тал­қыланып жатыр.

Форум қорытындысы бо­йын­ша тараптар ынты­мақтас­тық туралы қарарға қол қойы­лады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Ортақ стратегияға бастайтын басқосу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар