Аймақтар
2 мин оқу 230

Орны бөлек оңалту орталықтары

<p style="text-align: justify;">Әрбір сәби бақытты өмір сүруге құқылы. Тағдырдың тауқыметін кешсе де, жақсылықтан күдер үзбеуі керек. Осы ретте Жетісу өңірінде балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде бір мезгілде 500-дей бала ем ала алады. Оларға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтанған нысандар талай балаға кешенді қолдау көрсетіп, денсаулығын оңалтуға сеп болып отыр.</p>

Орны бөлек оңалту орталықтары

Ерекше күтімді қа­жет ететін бала­лар­ға сауықтыру орталықтары ауа­дай қажет. Мәселен, мұнда пси­хо­неврологиялық патологиясы, тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жас­тан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. АВА терапия­сы, емдік массаж, дене­шы­нық­ты­ру, су рәсімдері және тиімді оңалтуға қажетті басқа да әдістер қолда­ны­ла­ды. Осындай нысан­ның бірі Үшарал қаласында орна­лас­қан «Жансая» күн­дізгі орта­лық 50 орынға ар­налған.

Орталық ашылғанға дейін Алакөл ауданында мүгедектігі бар балаларға арналған мұндай оңалту нысаны болған жоқ. Ата-аналар өз қаражатына балаларын Алматы, Астана қалаларына оңалтуға апарып жүрген. «Жансая» ор­та­лығы ашылғаннан ке­йін қазір мәселе жергілікті жерде шешімін тауып, орта­лық балаларға тегін қызмет көрсетіп жатыр.

Әлеуметтік нысанға ке­луші ата-аналардың бірі, Үшарал қаласының тұр­ғыны Айгүл Каримова қызы Әминаның осы оңалту орта­­лығынан ем шараларын алып жүргеніне екі жылға жуықтағанын айтады.

«Балам орталыққа алғаш келген кезде жүр­мей­­тін, қазір жүреді. Мұнда бі­лікті мамандар жұмыс іс­тейді. Олардың қыз­мет­те­ріне ризамын, алғы­сым шексіз. Бұл жерде қызым емдік денешынықтыру, еңбек, музыка сабақтарына қатысады, массаж алады, баламен логопед, психолог, дефектолог мамандар жұмыс істейді. Мұндай ке­шенді ем шаралары балам­ның денсаулығына оң әсе­рін тигізіп отыр», дейді А.Каримова.

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қармасының мәлі­ме­ті­не қарағанда, мұнда «Имитрон» серуен­деу тренажері, нейро-орто­педиялық оңалтуға арнал­ған комбинезон, қа­дам­дық тренажер, тірек рамасы, физиотерапиялық құралдар сияқты оңал­ту жабдықтарымен қам­тыл­ған. 50 орынға арналған «Жансая» орталығы 2022 жылдың тамыз айында ашылған. Орталықта 57 адам жұмыс істейді.

Қазір орталықта 35 бала оңал­тудан өтіп жатыр. Ал об­лыстағы жалпы саны 6 оңалту орталығында 380 бала ар­найы әлеуметтік қыз­­мет алады.

Айта кетейік, жалпы 6 бала­ларды оңалту орталы­ғы­ның бесеуі Жетісу облысы құрылғаннан кейін ашылды.

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Орны бөлек оңалту орталықтары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар