Қоғам
2 мин оқу 100

Венчурлық Әдеп кодексі

<p style="text-align: justify;">Елімізде венчурлық индустрияның Әдеп кодексі қабылданды.&laquo;Astana Hub&raquo; халықаралық технопаркі алаңында Қазақстан венчурлық индустриясының Әдеп кодексіне қол қою рәсімі өтті. Құжат нарықтың түрлі ойыншылары, атап айтқанда, венчурлық қорлар, инвесторлар, бизнес-періштелер мен стартаптардың басын қосатын негізгі құжаттың бірі болмақ.</p>

Венчурлық Әдеп кодексі

Мұнда әдептілік, адалдық, жауап­кер­шілік, сенім, толеранттылық, парасатты бәсекелестік, стартаптар қызметіне ин­весторлардың араласпауы, стартап мүд­делерін қорғау, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және қо­ғам­дық тарап басымдығы сияқты қағи­даттар баяндалған.

– Венчурлық кодексті құру идеясы ойымызда әуелден болды. Америка нарығында стартаптардың инвесторлар мен жұртшылықты адастырған жағдайлар орын алған еді. Осылайша, бүкіл венчурлық нарықтың беделіне нұқсан келді. Елімізде мұндай жағ­дай­дың алдын алу мақсатында осы кодексті құруды ұйғардық. Ол – ерікті, тәртіп санкциялары және заңды күші жоқ. Бірақ мұндағы адалдық, әдептілік, ашықтық және толеранттылық нормаларын сақтауға қол қойып, жария міндеттеме алу айтарлықтай серпін береді, – деді Activat VC бас директоры Марат Төлібаев.

Аталған Әдеп кодексіне индус­трия өкілдері салтанатты түрде қол қойды. Олардың қатарында: «Astana Hub», «BGlobal VC», «MOST Ventures», «MyVentures», «Tumar Venture Fund», «Activat VC», «BigSky Capital», «BYB Capital», «InDrive NewVentures», сондай-ақ «EasyTap», «ApartX», «Garderob», «Porte», «Smartestprep», «GoDays», «Billz» стартаптары және басқалары бар.

– Кодекс елімізде этикалық және ашық венчур нарығын құру жолындағы маңызды қадам болмақ. Осы нормаларды сақтап, IT-кәсіпкерлікті дамыту және жаңа инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасай аламыз. Нарықтың барлық қатысушысы кодекске қол қойып, оның қағидаттарын ұстанады деп үміттенеміз, – деді «Astana Hub» басқарушы директоры Таңат Өскембаев.

Қол қоюшылар пікірінше, Әдеп кодек­сінің нормаларын ұстану Қазақ­стан венчурлық нарығында өзара сенім, ізгі ниет пен ынтымақтастықты қалып­тас­тыруға ықпал етеді. Осылайша, ин­дус­трияға да, оның жекелеген қатысу­шы­ларына да теріс әсер етуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға сүбелі үлес қосады.

Бөлісу:
Венчурлық Әдеп кодексі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар