Қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе салу басталады
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Министрлік республикада тұмау бойынша эпидахуал қалыпты деп отыр.
«Биыл тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол» вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін барлық медициналық ұйым вакцинацияға дайын болуы тиіс», деді Тимур Сұлтанғазиев тілшілердің сауалына берген жауабында.
ДСМ бірінші вице-министрінің сөзінше, медициналық қызметкерлер, балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар ересек адамдар, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратындар екпені тегін алады. Азаматтардың қалған санаты екпені ақылы түрде алуына болады. Тимур Сұлтанғазиев жекеменшік емханалар мен дәріхана желілері тұмауға қарсы вакцинаны сатып алатынын жеткізді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, жыл сайын елімізде халықтың 12 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алады.