Аймақтар
1 мин оқу 90

Президент сыйлығы – отандық автобус

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыдағы &laquo;Кәусар&raquo; оқушылар сарайына және Нұра ауданына қарасты Шахтер аулындағы Мәдениет үйіне автобустарды сыйға тартты. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көліктер Саран қаласындағы &laquo;QazTehna&raquo; зауытында шығарылған.</p>

Президент сыйлығы –  отандық автобус

– Біз үшін бұл тосынсый болды. Оқушылар сарайы При­шах­тинск шағын ауданында орна­ласқан. Өзіміздің көлігіміз бол­маған­дықтан, балалармен қала орта­лығына қатынау, әртүрлі іс-шараларға бару үлкен мәселе еді. Сондықтан бұл – біз үшін өте бағалы сыйлық, – деді «Кәусар» оқу­шылар сарайының директоры Әйгерім Исбекова.

Нұра ауданындағы Шахтер аулының Мәдениет үйінде де бұрын-соңды жеке автобус болған жоқ. Сондықтан Президенттің тартуы олардың да мұқтажын өтеді.

– Енді біз осы көлікпен кон­курс­тарға алаңсыз бара аламыз. Қуа­ныштымыз. Ауылымыздың Мә­дениет үйінде жеті көркем­өнер­паздар ұжымы жұмыс істей­ді. Жүзге жуық жас пен жасөспірім шығармашылықпен айна­лысады, – деді Нұра ауданы Мә­­дениет үйінің директоры Әділ­бек Құмар. – Сонымен қа­тар Шахтер ауылында дене­шы­нық­­­­тыру-сауық­тыру кешені бар. Бұл автобус­ты жарысқа баратын спорт­­-
шы­ларымыз да пайдаланады.

Мем­лекет басшысы 14 тамызда Қа­рағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі өнер­кәсіп және индустрия­лық кәсіп­орындардың, әлеумет­тік нысан­дардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Пришахтинск шағын ауданында жаңадан ашылған Оқушылар сарайын, сондай-ақ Нұра ауданы Шахтер аулындағы жақында ғана жөндеуден өт­кен Мәдениет үйі мен денешынық­тыру-сауықтыру кешенін аралап көрді.

Бөлісу: