Білім
2 мин оқу 150

Жақсылық жасауды жастар бастады

<p style="text-align: justify;">Биыл Түркістан облысында &laquo;Мектепке жол&raquo; акциясы аясында әлеуметтік осал отбасынан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Өңірдегі экономикалық есептеулер нәтижесінде әр балаға 43 407 теңгеден үлестіріледі.</p>

Жақсылық жасауды жастар бастады

Облыстық білім бас­қар­­­ма­сы­ның ха­бар­лауынша, жо­ғары­да аталған санат­тағы отбасы бала­ларына киім мен оқу-құ­рал­дарын алу үшін білім ұйымы басшысының атына баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініш беруге тиіс. Кейін ата-ана не заңды өкіл білім ұйымына сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстар туралы рас­тайтын құжатты тапсыруы ке­рек.­ Бүгінде аудандарда акция аясын­дағы іс-шаралар басталып та кет­ті. Мысалы, Түлкібас ауданы әкім­дігінің ұйымдастыруымен «Мек­тепке жол» акциясы шеңбе­рін­де­ көтерме бағада мектепке қа­жетті заттардың жәрмеңкесі өтті.­ Жәр­меңкеде ұсынылған мектепке қажетті киім мен құрал-жаб­дықтар сауда орталықтары мен­ базар бағасынан едәуір арзан баға­да, мысалы жейделер 2 мың тең­геден, спорттық аяқкиім мен туф­лилер 2–5 мың теңгенің арасында, 12 парақтық дәптерлер – 10 тең­ге, сөмкелер 3–5 мың теңгеден саудаланды.

Бұл – жәрмеңкедегі баға. Ал түркістандық ата-аналардың айтуын­ша, бірінші сыныпқа баратын ұл баланы кем дегенде 37000 теңгеге бастан-аяқ киіндіре аласыз. Облыс орталығындағы сауда орындарында бірінші сыныпқа баратын ұл баланың жейдесі 2–4 мың теңге, мектеп формасы – 7–9 мың, аяқкиімі – 10–15 мың, спорттық костюм 8 мыңнан бас­талып, сапасына қарай 13 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Спорттық аяқкиімнің бағасы 10–12 мың теңге аралығында. Бастауыш сыныпта оқитын қыз баланы киіндіру кем дегенде 43500 теңгеге түседі екен. Дәптер-қаламын қоспағанда. Балаға қажетті қағаз-қаламды есептеп, барынша үнемдік жағын ескерген, дүкендердің әлеуметтік желідегі парақ­ша­ларын қарап-зерттеп, арзан жерден алған ата-аналар әр балаға – 60 мың теңгеден жұмсағанын айтады. Ал кеңсе тауарларын сатушылардың айтуынша, бір балаға сөмкемен қосқанда бағасы орташа заттар алатын болса 10–12 мың теңгеден болып жатыр. Кіл қымбат, сапасы жоғарысын алатындарға жиынтық – 17 000 теңгеден айналады. Сауда орындарында ұсынылатын киім­дер мен керекті заттардың баға­лары, әсіресе көпбалалы отбасылар үшін қымбат көрінері анық. Яғни «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілетін акция аясында өңір кәсіпкерлері, меценаттар және өзге де аза­маттардың қолдау білдіруі ма­ңызды. 

Игі істен шет қалмаған облыс­тық Жастар ресурстық орта­лығы да «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында 17 аудан, қаладан келген 8–14 жас аралығындағы 100-ге жуық балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөм­келер берілді.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Жақсылық жасауды жастар бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар