Қостанай облысындағы мектептер «Kundelik» жүйесінен бас тартты
<p style="text-align: justify;">Мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін жарнаманы және ақылы функцияларды болдырмау, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қостанай облысының барлық мектептерінде «BilimClass» электрондық журнал және күнделік модулі енгізіледі. Білім басқармасы бұл «Kundelik» жүйесін алмастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Анықталғандай, барлық деректер алдыңғы жүйеден жаңасына автоматты түрде жүктелетін болады.
— «BilimClass» жүйесіне көшкен кезде барлық білім беру ұйымдары мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Мектептердегі, сыныптардағы, пәндер бойынша білім сапасын бақылауға аудандық, облыстық деңгейде мүмкіндік бар. «Kundelik» жүйесінен шығарылғаннан кейін және BilimClass-қа деректерді автоматты түрде жүктегеннен кейін құжаттарды қоймада тегін сақтау мүмкіндігі беріледі, — деп хабарлады білім басқармасынан.
Айта кетейік, Bilimcenter.kz модуліне – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен бағалауға арналған цифрлық порталға тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл портал мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік береді.